ТӨРЕМҰРАТОВТАР ОТБАСЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Ойыл ауданына қарасты Саралжын ауылдық округінің үлкен әулеті Төремұратовтар отбасы референдумға келіп өз таңдауларын жасады.
Қоғам өміріне белсене араласатын отбасы мүшелері саяси науқанда да өз қолдауларын көрсетті.
Еске салсақ Спартак Шеруенұлы бастаған отбасы мүшелері “Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпазы атанған болатын. Сонымен қатар отбасының отағасы «Ойыл ауданының Құрметті азаматы», екі мәрте «Жыл адамы» атанған ел ағасы. «Ерен еңбегі үшін» медалі, мерекелік медальдер мен «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» атағының иегері. Ойыл аудандық мәслихатының депутаты. «Спартак» шаруа қожалығының төрағасы, Ойыл ауданының құрметті азаматы.
Жұбайы — Жанат Қожантаева — «Қазақ аналары Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің мұғалімі. «Күміс алқа» иегері.
Төремұратовтар әулеті отбасы институтының рөлін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі істерді кеңінен насихаттауда.






