ӘлеуметМәдениет

«САРЫ ДАЛА САЗДАРЫ» КҮЙ КЕРУЕНІ:КӨКЖАРДА ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұлы даланың асыл мұрасы – күй өнері Көкжар өңірінде қайта жаңғырып, кең даланы күмбірлеген сазға бөледі. «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығының ұйымдастыруымен жаңа креативті «DALA. TERRACE» жобасының салтанатты ашылуы өтті.

Аталған жоба – жастар мен ауыл тұрғындарын ортақ мәдени кеңістікке тоғыстырып, ұлттық өнерді заманауи үлгіде насихаттауға бағытталған тың бастама. Ашық аспан астында орналасқан бұл алаң алдағы уақытта түрлі мәдени-көпшілік шаралардың, шығармашылық кездесулер мен өнер кештерінің орталығына айналмақ.
Жобаның ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Амангелді Жұманов лентаны қиып, көпшілікке ақжарма тілегін жеткізді.
Ол өз сөзінде ұлттық өнерді дәріптеу – ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі екенін атап өтті.
Кештің басты сәніне айналған «Сары дала саздары» күй керуенінде өнерпаздар қазақтың төл күйлерін орындап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Домбыраның қос ішегінен төгілген күмбірлі саз көпшіліктің көңілін тербеп, ұлттық рухты асқақтатты.
Сондай-ақ, шара барысында ауыл ақсақалдары мен ардақты аналары ақ батасын беріп, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.
Күймен көмкерілген кешке жиналған жұртшылық ұлттық өнерге деген ыстық ықыласын білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.

Related Articles

Back to top button