Референдум
15 наурыздағы референдум – жаңғыру үдерісінің жалғасы

Қоғам дамуы – үздіксіз үдеріс. Әр кезеңде ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданып, болашақтың берік іргетасы қаланады. 15 наурыздағы референдум – осындай тарихи сәттердің бірі. Бұл қадам елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік жаңғыру бағытының заңды жалғасы болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан ауқымды реформалар кезеңіне қадам басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған өзгерістер «Әділетті Қазақстан» қағидатына негізделіп, басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтарын кеңейтуге және қоғамдық институттарды нығайтуға бағытталды. Осы тұрғыда референдум – халықтың тікелей еркін білдіру тетігі ретінде ерекше маңызға ие.
Еркін Жиеналин
“AMANAT” партиясы Ойыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы


