Басты тақырып

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ЖАЙ ҒАНА КЕЗЕКТІ САЯСИ НАУҚАН ЕМЕС

23 тамызда Қазақстанда жаңа Конституция негізінде Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді. Меніңше, бұл сайлаудың басты ерекшелігі – оның жаңа саяси жүйенің нақты іске қосылу кезеңімен тұспа-тұс келуінде.

145 депутаттан тұратын жаңа жоғары өкілді орган алдағы бес жылда елдің заң шығару бағытына және мемлекеттік маңызы бар шешімдерге ықпал етеді. Яғни, сайлаушының таңдауы тек бүгінгі күнмен шектелмейді.

Құрылтайдың құрылуы – мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың маңызды бөлігі. Сондықтан бұл сайлауға тек дауыс беру рәсімі ретінде емес, азаматтардың елдің болашағын қалыптастыруға қатысу мүмкіндігі ретінде қараған жөн.

Әрбір дауыс – қоғамның өз ұстанымын білдіруінің бір формасы. Ал жаңа институттың қаншалықты тиімді жұмыс істейтіні оның құрамына байланысты болады.

Жанагүл Бақытжанқызы,
Ойыл аудандық мәслихат депутаты.

Related Articles

Back to top button