Сайлау

«МЕНІҢ БІР ДАУЫСЫМ ЕШТЕҢЕНІ ӨЗГЕРТПЕЙДІ» ДЕГЕН ПІКІРДІ ЕСТИМІЗ

Кейде «менің бір дауысым ештеңені өзгертпейді» деген пікірді естиміз. Бірақ кез келген сайлаудың нәтижесі дәл осындай жеке таңдаулардан құралады.
23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарыныңсайлауы – әр азаматтың өз ұстанымын білдіретін мүмкіндігі. Бұл жерде бастысы – біреудің пікіріне ермей, ақпаратпен танысып, өз шешіміңді өзің қабылдау.

Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға. Бұл сайлау әрбір азаматқа өз таңдауын жасап, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуге мүмкіндік береді. Белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырып, дауыс беру арқылы біз қоғамның дамуына өз үлесімізді қоса аламыз. Сондықтан бұл науқанға жауапкершілікпен қарап, өз таңдауымызды жасау – әр азаматтың маңызды міндеті деп есептеймін.

Еліміздің дамуына қатысты маңызды шешімдерді қабылдайтын өкілді орган халықтың таңдауымен қалыптасады. Сондықтан әр дауыс – жалпы нәтиженің бір бөлігі.
Белсенді қоғам кездейсоқ қалыптаспайды. Ол өз құқығын пайдаланатын, жауапкершілігін сезінетін азаматтардың арқасында дамиды.
Сайлауға қатысу немесе қатыспау – әркімнің жекетаңдауы. Бірақ қандай шешім қабылдасақ та, олсаналы болғаны маңызды.

Жайна АбДРАХИМҚЫЗЫ,
Қоғам белсендісі.

Back to top button