Жаңалықтар

ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ – ІЗГІЛІКТІҢ БАСТАУЫ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған «Volonter Fest» еріктілер форумы аясында «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Яғни, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аудан прокуроры Рауан Дайырбекұлы, полиция бөлімінің басшысы Ардақ Нажиоллаұлы және аудандық мәслихаттың төрағасы Сәкен Ғазизұлы сөз сөйлеп, жастарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және елдің дамуына жауапкершілікпен үлес қосуға шақырды.

Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыптар бойынша пікір алмасты. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Форумның негізгі жұмысына Ақтөбе облыстық «Волонтерлік фронт-офисінің» үйлестірушісі, волонтерлік сала бойынша тренер, халықаралық волонтер Еркеболат Тағанов пен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттік проректоры Бектас Жасаралұлы шақырылды.

Кездесу барысында жастарға волонтерлік қызметтің маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат беріліп, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар қатысушыларға арналған қызықты тренингтер мен интерактивті ойындар ұйымдастырылып, белсенді жастар өзара тәжірибе алмасты.

Волонтерлік – ізгілікке бастайтын жол. Осындай игі бастамалар жастардың белсенділігін арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайта түседі.

Related Articles

Back to top button