Сайлау
АҚТӨБЕДЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

Сайлау күні
Бүгін Ақтөбе қаласында қоғамдық көліктер жолаушыларға тегін қызмет көрсетіп жатыр.
Қаладағы барлық 46 бағыт бойынша қатынайтын қоғамдық көліктер таңғы 6.00-де жұмысын бастады. Барлық бағыт бойынша жолаушылардан жолақы алынбайды. Себебі бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Бұл бастама тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін барып, дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Қалада жолаушы тасымалымен алты көлік компаниясы айналысады. Олар — «Автопарк» ЖШС, «Қызмет Ақтөбе» КМК, «Qala Trans» ЖШС, «Akzhayik Avtopark» ЖШС, «RTT Group» ЖШС,«TK ЖТК» ЖШС.
К.ҚОПАЕВА.



