Жаңалықтар
ОЙЫЛ ӨЗЕНІНЕ БАЛЫҚ ЖІБЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
13 қазанда көпірді реконструкциялау жұмыстары барысында келтірілген балық шығынын өтеу мақсатында Ойыл өзеніне балық жіберу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға мердігер ұйымның, тапсырыс берушінің және Тобыл–Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары қатысты.
Аталған жұмыстар өзендегі балық қорын толықтыру және су айдынындағы табиғи тепе-теңдікті сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Өйткені судағы тіршілік дүниесін қорғау мен балық қорын сақтау – қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызды бөлігі.
Ойыл өзенінің табиғи байлығын сақтау үшін мұндай шаралардың маңызы зор. Балық жіберу жұмыстары келтірілген шығынның орнын толтыруға және өзеннің балық қорын сақтауға бағытталған.



