Сайлау

Сайлау күні сайысты

Бүгін №555 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауына орай тұрғындар арасында арқан тартыс, қол күресі және гір көтеруден спорт сайысы өтті.

«Жекпе-жек» сарайында ұйымдастырылған жарысқа тұрғындар белсенді қатысып, спорттың бірнеше түрінен бақ сынады. Арқан тартыста командалар күш сынасса, қол күресі мен гір көтеруден қатысушылар жеке өнер көрсетті.
Сайлауға келген тұрғындар дауыс беріп, кейін спорт жарысын тамашалады.
Сайлау учаскесінің төрағасы Әшім Түйебаевның айтуынша, №555 учаскеде барлығы 2 837 азамат тіркелген. Спорттық шараға 100-ден астам тұрғын белсенді қатысып, сыйлық алған. Қазіргі таңда 600-ден астам тұрғын дауыс берген.

А.АЛТЫБАЕВА.

Related Articles

Back to top button