Таңданыс пен таңдау
Ел болашағы үшін маңызды күні Ақтөбе қаласындағы №27 сайлау учаскесінде ерекше форматта дауыс беру ұйымдастырылды. Дауыс беруге Мумия кейпіндегі тұрғын келіп, көпшіліктің таңданысын тудырды.

Бұл бастама дауыс беру күнін заманауи әрі креативті форматта көрсетуге бағытталып, азаматтардың қоғамдық белсенділігін насихаттаудың өзіндік үлгісіне айналды.
— Бүгін сайлауға ерекше образда келіп, дауыс беріп, өз үлесімді қосуды жөн көрдім. «Мумия» болып, тұрғындардың назарын аударып, сайлау күнінде аз да болса көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлағаныма қуаныштымын.
Құрылтай депутаттарының сайлауы — халықтың сеніміне ие болған азаматтарды таңдап, олардың елдің дамуына мүмкіндік беретін жауапты кезең. Сондықтан біздің әрқайсысымыздың дауысымыз маңызды. Осындай ерекше бастамалар адамдардың қоғамдық шараларға деген қызығушылығын арттырады, — деді ол.
Сайлау учаскесіндегі ерекше көрініс тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сайлаушылар Мумиямен суретке түсіп, өздерінің таңданысын білдіріп жатты.
А.САЙЛАУҚЫЗЫ.



