Жаңалықтар

«OIYL LIVE» — ЕКІ КЕЗЕҢНІҢ «КӨПІРІ»

Өткен жұма күні Ойыл ауданында тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мақсатында Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы саябақта «Oiyl Live» мәдени жобасының маусымы аясында керемет кеш өтті.
Ойыл ауылдық округі мен Ойыл кәсіптік колледжі көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынып, әсем әндер мен көркем музыкалық шығармаларды орындады. Ашық аспан астында өткен кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.
Концерттік бағдарламада көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлаған мазмұнды мәдени шара болды. Уақытпен үндескен бұл кеш өткен мен бүгінді жалғап, сағынышқа толы сәттерді жаңғыртты. Сахналық көріністер мен музыкалық композициялар үйлесімді өріліп, кештің мазмұнын байыта түсті.
Бағдарлама барысында әр кезеңнің жүректерден орын алған әуендері орындалып, көрермендерге өткен жылдардың әсерлі сәттерін еске түсіруге мүмкіндік берілді. Мұндай мәдени кештер ауданның рухани өмірін байытып, өнерге деген құрметті арттыра түсетіні анық.

Related Articles

Back to top button