JAS TALK : «ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК. ЖАСТАР. КӘСІПОДАҚ»

Ұстаздар күні қарсаңында жас мамандар да назардан тыс қалмады. Ойыл ауданының білім бөлімі мен білім кәсіподағының бірлескен ұйымдастыруымен жас мамандардың еңбек жолындағы алғашқы қадамдарын қолдау, олардың еңбек құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту, қоғамдық белсенділігін арттыру және кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру мақсатында «JAS TALK: ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК. ЖАСТАР. КӘСІПОДАҚ» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды.
Ашық алаңға білім беру ұйымдарының жас мамандары қатысып, еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Шара барысында жастардың еңбекке деген жауапкершілігі, кәсіби дамуға ұмтылысы және қоғамдық белсенділігі ерекше назарға алынды. Ашық форматтағы кездесу жас мамандардың өзара тәжірибе алмасуына, еркін пікір білдіруіне, еңбек саласындағы өзекті мәселелерді талқылауына және алдағы атқарылатын жұмыстардың бағдарын нақтылауға мүмкіндік берді.
Жас маманды қолдау – оның кәсіби әлеуетін арттыруға, еңбекке деген жауапкершілігін қалыптастыруға және болашаққа сенімді қадам жасауына жол ашу.
Бүгінгі жас маман – білім саласының ертеңгі тірегі. Ал лайықты еңбек – тұрақты даму мен жарқын болашақтың негізі.



