Басты тақырыпБілім

«Keleshekke kemel bilimmen»

ЖУЫРДА ОСЫНДАЙ ТАҚЫРЫППЕН ЖЫЛДАҒЫ ДӘСТҮР БОЙЫНША АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ» ӨТТІ. ҰСТАЗДАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ҮЛКЕН ЖИЫНДА БИЫЛҒЫ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ШАРАЛАРМЕН МЕН НАҚТЫ ЖОСПАРЛАР САРАПТАЛДЫ.

Сапалы білім болса, еліміз қарқынды дамып ғана қоймай, кейінгі буын келешекке кемел біліммен қаруланып, жаһандану дәуірінде тұғырлы биіктіктерді бағындырары сөзсіз шындық. Сондықтан «Тамыз конференциясында» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа оқу жылына енгізілген өзгерістердің оңды шешім тауып тұрғандығы да талқыланып, келешекке кемел біліммен қадам басу басты міндет екендігі айтылды. Сонымен бірге алдағы төрт жылдықта ұстаздар қауымының жалақсын екі есеге көбейту керектігі және үштілді жүйеге көшу бойынша ағылшын тілін оқытуды 5 кластан бастап оқылатындығы нақты айтылды. Биылғы оқу жылындағы оңды өзгерістердің бірі Ахмет Байтұрсыновтың әліппе үлгісі оралып, «Әліппе» қайтарылатыны мәлімделді. Сонымен бірге алдағы жылдары мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта тапсыруы мүмкін. Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Меруенов білім саласында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен нәтижелі көрсеткіштер бойынша баяндама жасады. Келесі сөз кезегінде аудан әкімі Асқар Қазыбаев барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, «Мәңгілік елдің» өрлеу сатысында оқушыларды әр пән бойынша сапалы білім нәрімен сусындатуға шақырса, облыстық білім басқармасының бас маманы Нүркен Жақсыбаев Ойыл ауданының білім саласындағы көрсеткіші жыл сайын артып келе жатқандығын жеткізе отырып, сәттілік тіледі.
Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет. Сондықтан сапалы білім берудің тиімділігі талқыланған маңызды жиында ұстаздар мәртебесі артты. Тоғыз ай шәкірт тәрбиелеп, тынымсыз тер төккен мұғлімдердің еңбегі еленіп, «Тамыз конференциясының» соңы марапатқа ұласты. 2019 жылдың «Үздік мұғалімдері» мен «Үздік сынып жетекшілері» және «Үздік тәрбиешлері» аудан әкімінің 30 мың теңге сыйақысымен марапатталды.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар