Әлеумет
Мазмұнды кездесудің мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы
Өткен аптада Шығанақ Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасына -35 жыл, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» атты тағылымды шара өтті. Іс шара «Алаш» әнұранымен ашылды. Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, құрмет көрсетілді. Аталған іс-шараға ауданның құрметті азаматтары, Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, Тәуелсіздік құрдастары қатынасты. Шара барысында1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасы, Қайрат Рұсқылбековтің ерлігі, Қазақстанның егемендік жолындағы игі істері мен тәуелсіздігіміздің қалыптасу кезеңі туралы жұртшылықтың назарына бейнебаян ұсынылды.Тағылымы мол, мазмұны терең мерекелік шара барысында ардагерлеріміз Тәуелсіздік алғанға дейін халқымыздың тартқан тауқыметінің аз еместігін тілге тиек етсе, куәгерлер Желтоқсан көтерілісіндегі оқиғаларды баяндап берді. Ал, Тәуелсіздіктің төл құрдастары болашақ жас ұрпақтың қолында екенін айтып, мерекемен құттықтады. Музей басшысы жиналған кеш қонақтарына сыйлықтар табыс етіп, жылы лебізін білдірді. Шара барысында қатынасқан қонақтар осындай кездесу ұйымдастыруға мұрындық болған музей ұжымына алғыстарын білдірді.
Г.АЛЕКСЕЕВА.