Басты тақырыпДенсаулық
АУДАНЫМЫЗДА ТАҒЫ ДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ
Науқастардың өмірін арашалауға алғаш болып жедел жәрдем бригадасы баратыны белгілі. Ал, дертке шалдыққандардың тағдыры дәрігерлер мен медициналық жабдықтарға, көлікке де байланысты.
Облыстың емдеу мекемелерінің бас дәрігерлеріне JAC санитарлық реанимобильдері табыс етілді. Ойыл аудандық ауруханасына да берілген реанимобиль енді аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады.