ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА 2023 ЖЫЛ!»

Өткен апта аудан жұртшылығы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы саябақта жаңа жыл мерекесін қарсы алды. Орталық саябақ алаңы адам қарасына толды. Бәріне таныс ертегі кейіпкерлері бас шыршаның жағылу салтанатына жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, мекеме ұжымдары әзірлеген түрлі қойылымдармен жалғасты.Шаттыққа бөлеген мерекеде аудан әкімі Асқар Қазыбаев аудан тұрғындарын келіп жеткен жаңа жылымен құттықтап, әрбір шаңыраққа амандық, құт-береке тіледі. Сонымен қатар Қазыбек, Минамин аталар ақ батасын берді. «Қош келдің, жаңа 2023 жыл!» атты мәдени көпшілік шараның
соңы мерекелік от шашумен аяқталды.

Басқа жаңалықтар