Әкімдік
Ауданда бос жұмыс орындарының жәрменкесі өтті
Бос жұмыс орындар жәрмекесіне Ойыл ауданының мекеме басшылары мен округтердегі мектеп, балабақша басшылары қатысып,жұмыссыз азаматтарды қабылдады. Қазіргі таңда от жағушы мамандығы бойынша 93 бос жұмыс орны болса, мекемелерде киім ілуші қызметіне 15 бос орын бар. Сонымен қатар Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебіне1 автобус жүргізушісі және Ойыл қазақ орта мектебіне информатика, ағылшын тілі мамандарына бос орындар бар. Аталған қызметтер бойынша жұмыссыз азаматтар «Жұмыспен қамту орталығының» қызметткерлеріне тіркеліп өтініш хаттарын толтырды. Округтегі мектептер мен балабақшаларға жылу беру маусымының басталуына байланысты от жағушылар мен киім ілушілерге бірнеше орындар қарастырылған. Мекеме басшылары әңгімелесу барысында, қабылдауға келген жұмыссыз азаматтарға жұмыстың толық жүру барысын түсіндіре отырып, жеке құжаттарымен танысып шықты.