ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
Ұсыным қабылданып, мәселелер атқарушы органға жолданды
Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиынды кеңес төрағасы Берік Бисекенов ашып, кеңестің күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Отырысқа аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілі қатысты. Сондай-ақ, отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Сәкен Займолдин, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатысты.Күн тәртібіндегі екі мәселе — «Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қорларын тиімді пайдаланудағы мәселелер туралы» аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мәулен Төремұратов пен «Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі ММ-нің атқарған жұмыстары туралы және «Ауыл аманаты» жобасы жөніндегі мәселелерді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Абат Мүбараков хабарламалар жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылай отырып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.Кеңес жұмысын кеңес төрағасы Б. Бисекенов қорытындылап, айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріле отырып, ұсыным қабылдап және орындалуы бақылауда болатынын білдірді.