ӘлеуметБасты тақырып

МЕЙРАМБЕКТІҢ «МЕДИНАСЫ»

Ауданда жыл сайын түрлі кәсіп көзін ашып, халыққа қызмет етіп жатқан кәсіпкерлер қатары көбейіп жатқаны қуантады. «Медина» кафесі ашылғанына көп болмаса да, өз клиенттерін тауып үлгерді.

Дәмхананың ас мәзірінде манты, қарын-қуырдақ, лағман, кәуап, гриль, палау сонымен қатар жастар сүйіп жейтін фаст-фуд өнімдері фри, пицца, суши, донер, тауық етінен жасалатын чикен бар.
Махито, лимонад сусындарымен қоса, ташкент шайы да осы жерден табылады. Сондай-ақ кафеде шағын отырыстар, туған күн мейрамдарын тойлауға болады. Негізін қалаушы Мейрамбек Кенжебаев
-Біздің кафенің мәзірінде тағамның бірнеше түрі, сонымен қатар сусындардың да түрі бар.Тауық етінен жасалатын жастардың сүйікті тамағы чикенді де сапалы дайындаймыз. Оны осында келіп, тамақтанған клиенттердің жылы пікірлерінен байқауға болады. Клиенттердің сұранысына сәйкес тез арада дайындап береміз. Тамақтың бағасы да қолжетімді» — дейді жас кәсіпкер.
«Кәсіп болмай, нәсіп болмас» деген қағиданы ұстанған Мейрамбек алдағы уақытта мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен төмен пайызбен несиелер берілсе кәсібін кеңейтпек ниетте екенін айтады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жас азаматтың алғашқы кәсіпкерлік бастамасы көпке үлгі боларлық.
-Алдағы уақытта аудан халқы үшінбарынша сапалы адал ас тұтынсам дейді.
Әзірге 3 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Тағамды жеткізу қызметі де бар. Қазіргі уақытта маман аз, аспаздықты тек шәкіртақы үшін оқиды. Халық тегінге жүгіріп, уақыт деген несібесі төгіліп жатқанын сезбейді»- дейді Мейрамбек Кенжебаев.

Басқа жаңалықтар