ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АСЫҚ ОЙНАП ОЗҒАНДАР ЕНДІ ОБЛЫСТЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

2024 жылдың 16-17 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында өткен 7-8 сынып оқушылары арасында ХХV спартакиада бағдарламасы бойынша «Асық ату» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінде Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінің оқушылары Мақсұт Арсен, Мақсұт Арман, Бисенбин Нұртілек қатынасып, І орын иеленіп чемпион атанды. Жетекшісі дене тәрбиесі мұғалімі Нұрлыжан Мұқашев. Алдағы уақытта Астана қаласында өтетін Республикалық жарыста «Асық атудан» Ойыл ауданының командасы өз бақтарын сынап, облыстың намысын қорғайды.

Басқа жаңалықтар