ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«РӘМІЗДЕР ЕЛДІГІМНІҢ РЕҢІ, ТЕҢДІГІМНІҢ ТІРЕГІ»

Егеменді еліміздің жер бетіндегі басқа тәуелсіз елдермен терезе теңестіріп, азаттық таңын атырғалы да 32 жыл уақыт болып отыр. 1991 жылы Қазақстан Республикасы КСРО құрамынан еншісін алып, өз тәуелсіздігін жариялағанда мемлекет басшысының алдында біздің мемлекетіміздің өткені, бүгінгі мен болашағы арасындағы сабақтастықты бейнелейтін рәміздерді таңдау міндеті тұрды. Сондықтан, Елбасы мемлекеттік рәміздерді дайындау үшін арнайы байқау жариялады. Жоғарғы Кеңестің талқысына түскен мыңдаған жобаның ішінен бүгінгі қолданыстағы рәміздер халық қалаулыларының таңдауына арқау болған туындылар.
Арада алты ай өткенде комиссияға ұсынылған жобалардың ішінен Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлихановтардың Елтаңбасы мен Шәкен Ниязбековтің Туы жеңімпаз атанды.
Сол уақыттан бері біздің көк туымыз әлемнің әр түпкірінде салтанатты сәттерде желбіреп, кеудеміздегі қуанышты кернеп әнұранымыз асқақтады…
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілсе, 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленіп келеді. Осы атаулы күн қарсаңында орталық саябақта «Рәміздер елдігімнің реңі,теңдігімнің тірегі» атты мерекелік салтанатты шара өтті. Мерекеге oрaй aудaн тұрғындaры Мемлекеттiк Гимндi бiр мезгiлде oрындaу реcпубликaлық aкция aяcындa caғaт 10:00-де Қaзaқcтaн Реcпубликacының Гимнiн oрындaды. Aудaн әкiмi Acқaр Қaзыбaев бaршa oйылдықтaрды aйтулы мерекемен құттықтап, Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі болып, Әнұранымыз асқақ шырқалсын деген тілектестігін білдірді. Шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерін орындады.
P.S. СОНДАЙ-АҚ, МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ВЕЛОШЕРУ ӨТКІЗІЛДІ. ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТАН БАСТАУ АЛҒАН ВЕЛОШЕРУДЕ АУДАН ЖАСТАРЫ ЕЛІМІЗДІҢ ТУЫН ЖЕЛБІРЕТІП ЖОЛМЫРЗАЕВ КӨШЕСІМЕН ЖҮРІП ӨТТІ.

Басқа жаңалықтар