Әлеумет

Жаңа дүкен ашылды

Өткен бейсенбіде аудан орталығындағы С.Дауленов көшесінің бойынан тағы бір азық-түлік дүкені іске қосылды. Еңбекке ерте жасынан араласқан Нұрым Сырымов орда бұзар жасқа толғанда ашқан азық-түлік дүкеніне «Дос» атауын беріп отыр. Бұрыннан машина жөндеумен айналысатын жігіттің іскерлігіне дән ризашылығын білдірген көше тұрғындары керекті тауарды дүкен ішінен тапқандарына және енді алысқа бармайтындарына өте қуанышты.

Оған қоса осы тың бастамаға арқау болған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақмарал Есбатырова сөз сөйлеп құттықтаса, Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Ойыл аудандық филиалының мамандары «Бастау – бизнес» бағдарламасы бойынша арнаулы бітіргендігі туарлы сертификат табыс етті. Әрмен қарай жаңа дүкеннің лентасын кәсіпкердің көршісі Жұмабек Шегетаев қиды. Ал «жақсыны көрмекке» келген көршілері ақ тілектерін жаудырды.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

Басқа жаңалықтар