Әлеумет

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Асқар Қазыбаев «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне орай аудандағы құрылысшыларды қабылдады.

Аудан басшысы оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданда осы салада жеткен жетістіктеріне мереке иелерінің үлесі зор екендігін жеткізді.
Қабылдауда ауданның құрылыс саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен естелік сыйлығы табысталды. Тарқатып айтсақ, «MasterCommLogistics» ЖШС, «Муканов и К» ЖШС мердігерлеріне, сондай-ақ «Кереге 2023» ЖШС учаске бастығы Әділбек Надралиев, «Кереге 2023» ЖШС қызметкері Берген Жөкешов, «BNB STROY GROUP» қызметкері Думан Кенбаев, «Муканов и К» ЖШС учаске бастығы Сейтжан Сүйіндіков, «Комрад» ЖШС учаске бастығы Серікбай Ильясов, «Master CommLogistics» ЖШС учаске бастығы Алпамыс Жаржанов сынды азаматтар марапатталды.
Бұдан өзге де аудан басшысы бастысы халықтың игілігіне берілетін нысандардың құрылысын сапалы жүргізудің маңызын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Марапат иелері мереке қарсаңында назардан тыс қалдырмай құрмет көрсеткен аудан басшысына алғыстарын жеткізіп, ауданның дамуына өз тілектерін білдірді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Басқа жаңалықтар