Экономика

«Таза Қазақстан»: 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысушылар Астанада ағаш отырғызды

Спортшылар елорданы 50 шырша, қарағай көшеттерімен көгалдандырды. Ауқымды экоакцияға қатысушылар арасында Қырғызстан, Венгрия, Германия, Бангладеш, Аргентина және басқа елдердің құрама командалары бар.

«Экологияны, жер-ананы қорғау — көшпенділер ойындарының символы. Сондықтан жарысқа келген делегациялардың атынан біз еліміздегі осындай жақсы оқиғаға байланысты өз ізімізді қалдыру туралы ұсыныспен Астана қаласының әкімдігіне жүгіндік», — деді ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Әкім Тұрсын.

Айта кетейік, 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында елордада 21 спорт түрінен жарыс өтуде. Қазақстан медальдық есепте көш бастап тұр. Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 86 медаль.

 

Басқа жаңалықтар