Экономика
Жып-жылы жылыжай
Миржан Құлбаевтың бағбандықты отбасылық кәсіп қылғанына біраз болды. Ауласындағы шағын аумақты жазда иран баққа айналдырып қойғанын көргенбіз. Өзінің былайғы шаруаға да қол шебер. Үнемі ізденіп, техника саласындағы жаңалықтарға құлағын түріп жүреді. Тіпті ғылымның жаңалықтарын өз тәжірибесінде қолданып жасаған дүниелері талайдың таңдайын қақтырды. Қолдың қысқалығы көсілуге кедергі болғаны рас. Бірақ, қолындағы барын пайдаланып, қарабайырлау болса да, ұсынықты қолдың ізі бар шағын жылыжайының өнімдерін мамыр айында-ақ тұтынушыларына ұсынып жүретін.
Биыл шаруасын кеңейтіп, ойын жүзеге асыруға мүмкіндік тапты. Бұған көмекке аудандық кәсіпкерлік палатасы келді. «Бастау – Бизнес» жобасы басталғанда оқуға Сапура жеңгейді тіркеп еді. Бірақ, екінші лекке ілігіп, шаруаны шегере алмады. Сәуір-мамыр айлары Миржан шін қарбалас шақ. Оқуы да осы сәтке келді. Сондықтан, Сапура жеңгейді оқуға жіберді. «Қазагроқаржы» АҚ-ы арқылы алынған несие де жеңгейдің атында. Әрине, отбасылық бизнес болған соң, табыс ортақ. Сол жеңгейдің атына алынған несиенің нәтижесі – жылыжай өткен аптада салтанатты ашылды. Қияры түйнектеп, қызанағы гүлдеп, жуалары сатуға жарап қалған жылыжайдың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Аслан Кенжебаев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту – Еңбек» бағдарламасы арқылы бас миллион теңге алып жазда кәсібін бастаған жігіттің жұмысына сәттілік тіледі.
-
-
- «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту – Еңбек» бағдарламасы арқылы өткен жылы аудан кәсіпкерлері 360 миллион теңге несие алса, соның бірі осы Сапура Мырзағалиеа апамыз. Мемлекеттің қолдауының куәсі осы» — деген аудан әкімінің орынбасары Аслан Кенжебаев жылы лебізін білдірді.
Жылыжайдың салтанатты лентасын кескен Сапура апамыздың енелері жақсылыққа жиналған жұртшылыққа жақсы тілегін жаудырды.
Р.S Қаңтардың ішінде-ақ, алғашқы өнімдерінен өздері ауыз тиіп үлгерген жылыжай иесі наурызда тұтынушыларына барлық өнімін ұсынуды көздеп отыр.Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл селосы.
- «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту – Еңбек» бағдарламасы арқылы өткен жылы аудан кәсіпкерлері 360 миллион теңге несие алса, соның бірі осы Сапура Мырзағалиеа апамыз. Мемлекеттің қолдауының куәсі осы» — деген аудан әкімінің орынбасары Аслан Кенжебаев жылы лебізін білдірді.
-