Экономика

Таза Қазақстан» экологиялық акциясы таза және сау қоршаған ортаны қалыптастыруға бағытталған саналы қадам.

Барша қазақстандықты ортақ іске жұмылдырған жалпыұлттық экологиялық акция бір реттік іс-шара емес.
Бүгінгі күнге дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтөбе облысында 344 954 ағаш және 6 415 бұта отырғызылып, 98 762 аула мен 1 481 әлеуметтік нысан тазаланды. Экологиялық акция аясында қоқыстан 206 су объектісінің жағаулары, 42 жасанды су айдыны, 85 297 метр арықтар тазартылды.
Аумақтарды жинау үшін 5 937 бірлік техника тартылып, 71 039 тонна қалдық қатты тұрмыстық қалдық полигондарына шығарылды.
Республика бойынша бастау алып, қарқынды түрде жалғасып жатқан акцияға Ақтөбе өңірінен 405 212 тұрғын, 7 462 мекеме мен кәсіпорын белсенділік көрсетуде.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы елімізде экомәдениетті қалыптастырып, жаңа қоғамдық этика мен патриотизмді нығайтуға тың серпін беретін жүйелі жұмыс.

Басқа жаңалықтар