Экономика
ҚАРАТАЛДАҒЫ «АУЫЛТЕЛЕКОМ» ЖАҢА БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІ
Қазақстанның ең ірі байланыс операторы «Қазақтелеком» ауылдарда желіні дамытуды жалғастыруда. Қаратал ауылына «Ауылтелеком» атауымен сымсыз технологияның жаңа тәсілін қолдануда.
«Біз ауылдағы пайдаланушылардың қажеттіліктерін жақсарту үшін ауылдық байланыс қызметтерін көрсету тәсілдерін қайта қарастырамыз.
Соның ішінде, біз Қаратал ауылында Kcell мобильді серіктесінің пакеттік ядросы мен сервистік өнімдерін пайдалана отырып, жаңа архитектуралық шешімде FWA тестілеуін іске қостық.
Ауылда 100-ге жуық үй бар. Үйлерді интернет желісіне қосу жүріп жатыр. Бұған дейін тек ADSL технологиясы қолжетімді болды. Ауылдың әртүрлі бөліктерінде қосылу жылдамдығы 40 Мбит/с-қа жетті, бұл бізге қазір қолжетімді шектеулі жиілік диапазонында жақсы нәтиже болып тұр.
Егер ауылдарда ұялы байланыс операторлары пайдаланбайтын жиіліктердің кең ауқымы болса, біз одан да жоғары жылдамдық пен сыйымдылықты қамтамасыз ете алатынымызға сенімдіміз. «Ауылтелеком» жаңа бастамасының алғашқы нәтижелері. Алда бізді басқа ауылдарда тағы бірнеше маңызды сынақтар күтіп тұр, олардың қорытындысы бойынша біз ауылдағы пайдаланушыларға қосылу және қызмет көрсету технологиялары мен механизміне түпкілікті көзқарасты анықтаймыз, — дейді “Қазақтелеком” акционерлік қоғамының инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.