Әкімдік
КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ КҮТПЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ
Өткен бейсенбі күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдинның төрағалығымен кезектен тыс он сегізінші сессия отырысы өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, аудандық мәслихат депутаттары және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Ауылдық округ әкімдері мен депутаттары zoom платформасы арқылы онлайн режимінде қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралып, талқыланды.
Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №92 «2024-2026 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №93 «2024 жылға арналған Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділханов баяндаса, Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 «Ойыл ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Алмат Мусин, аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 06 мамырдағы №136 «Аудандық жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мәулен Төремұратов баяндады.
Келесі кезекте аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №174 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №176 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №171 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 тамыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» №167 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Ербол Тілепов хабарлады.
Ал, аудандық мәслихат депутаты Сайран Саматұлы «Қазақстан халқына» жобасы аясында «Батыр боламын» қоғамдық қорының қолдауымен Көптоғай ауылында ашылған спорт залды жылу жүйесіне қосу туралы депутаттық сауалын жолдады. Ұсыныс-пікірлер тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданғаннан кейін аудандық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясына 12 қарашаға дейін үзіліс жариялау туралы аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин хабарлады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ