ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпЭкономика

ЕКПЕТАЛ ауылы ЖАБЫЛДЫ ЕНДІГІ МІНДЕТ ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ҚАЙТА РӘСІМДЕУ

Өткен аптаның соңында «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында Ойыл ауылдық округіне қарасты Екпетал ауылын жабу бойынша қоғамдық тыңдалым өтті.

Тыңдалымға Екпетал ауылының тұрғындары, мекеме басшылары қатысты. Алдымен Ойыл ауылдық округінің әкімі Артур Аманғосов Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңының 11 және14 бабына сүйене отырып, Екпетал елді мекенін тарату туралы баяндама жасады. Қоғамдық кеңесте Екпетал ауылы тұрғындарынан түскен талап, тілектер тыңдалып, тұрғындарға заңдылық түсіндірілді, тыңдау заңды күші бар хаттамамен рәсімделетін болды.
Қоғамдық тыңдалымда көтерілген екінші мәселе — Екпетал ауылы тұрғындарының меншік иелерін Ойыл ауылдық округінің меншігіне өткізу және содан кейін сол жерлерін қайтадан Екпетал ауылының тұрғындарына мәртебесін өзгерте отырып, саяжай ретінде беру еді.
Сонымен қатар, саяжай ретінде берілген соң ол жерге электр желісін тарту мәселесін күн тәртібіне көтерілді.
Тыңдалым қорытындысы бойынша хаттама рәсімделіп, хаттаманың заңды күші болады және 2025 жылы жер беру комиссиясы құрамына Екпетал ауылының тұрғындарын қосып, саяжай ретінде жерлер берілген кезде комиссия отырысына қатынасуларына рұқсат берілді.
P.S. ЕСКЕ САЛСАҚ, 2024 ЖЫЛДЫҢ 28 НАУРЫЗЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫНАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҮЙ-ЖАЙЛАРЫ СУҒА КЕТІП ЗАРДАП ШЕККЕН БОЛАТЫН.
ОЙЫЛ АУЫЛЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНЫП, ЕКПЕТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА КӨШІРІЛДІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА 10 ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНА САЛЫНЫП, 57 ОТБАСЫҒА ЕКІНШІ НАРЫҚТАҒЫ ҮЙЛЕРДЕН ҮЙ САТЫП АЛЫП БЕРІЛДІ.

Басқа жаңалықтар