ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

УАҚЫТША ЖҰМЫС ТОБЫ

ЕКІ АУЫЛДЫҢ ЖОСПАРЫНТҰРҒЫНДАРМЕН АҚЫЛДАСТЫ

Аудандық мәслихаттың жанындағы уақытша жұмыс тобының көшпелі кеңесі өткен апта Сарбие, Қараой округтерінде өтті. Уақытша жұмысшы тобының көшпелі отырысына аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин және аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссия төрағасы Сәндібек Нұрбаев пен «Amanat» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Жангүл Ізғарина мен аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Айсұлу Мәмбетова мен жергілікті қоғамдастық және қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл ақсақалдары мен белсенділері, округтегі мемлекеттік мекемелер басшылары, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қатысты.

Алдымен Сарбие ауылына бас тіреген уақытша жұмыс тобының көшпелі кеңесінде округ әкімінің міндетін атқарушы Алмат Наурызбаев ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштеріне шолу жасап, облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында, абаттандырудың, Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың, Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың, Ақтөбе облысы бойынша үй жануарларын ұстау және серуендетудің, Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын және аудандық мәслихаттың шешімдерінің орындалуын бақылау, 2023 жылдың ауылдық округтегі бюджеттің игерілуі және 2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджетінің жобасы туралы баяндады. Әрине, барлық округке тән өзекті мәселе – жеке тұрғындардың малының өрісі. Сондықтан, ауылдық округ әкімдігіне аудандық және облыстық мәслихаттарының жоғарыда көрсетілген шешімдерін басшылыққа алып, оларды бұлжытпай орындау қажеттілігі айтылды.


Жергілікті қоғамдастық және қоғамдық кеңес мүшелері Жалғасбай Сержанов пен Ликмар Жүсіповтер халықтың көкейіндегі мәселелерді айтса, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Болатбек Әділханов ауылдың алдағы жылға әлеуметтік қажетіне жоспарланған қаржы көлемі мен оның мақсаты туралы түсіндірсе, ауылдың учаскелік инспекторы Қайсар Ғаббасов мал ұрлығының алдын-алу мақсатында қолға алынған шараларды баяндады.
Кездесуден соң уақытша жұмыс тобының мүшелері Сарбие ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, шаруаларын бастаған жас кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. Мәселен, Қырмызы Жүсіпова құс шаруашылығын қолға алса, мал дәрігері Сайран Саматұлы ауылдан мал дәрігерлік дәріхана ашып отыр. Қараой ауылындағы кездесуде де алдымен ауыл әкімі Айбек Сұлтанов ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері туралы баяндады. Сапарымыздың ауа-райының қолайсыз сәтіне тап болғанына қарамастан ауылдағы клубқа жиналған жұртшылық алдағы жылғы ауылдың әлеуметтік дамуына бағытталып отырған қаржыларды жоспарлау туралы өз ойларын айтты.
Ал, аудандық мәслихаттың төрағасы Сәкен Займолдин бүгінгі күні өзекті болып отырған малды бағу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Өйткені, ауылдық округте малды бағуды ұйымдастыру қанағаттанарлықсыз екенін, мұның салдары аудандық мәслихаттың «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» және облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» қабылданған шешімдерінің орындалмай отырғандығын атап өтті. Өйткені, осы округте соңғы жылдары тұрғындардың малдарының арасында сарып ауруының жойылмай отырғандығы да жасырын емес. Оның зардабын тұрғындардың өздері тартып отыр. Ал, жыл он екі ай бойы жол азабын көріп отырған жетікөлдіктердің жан айқайын жергілікті қоғамдастық мүшесі Жалғасбай Ниязов жеткізсе, қашанда ауылдың әлеуметтік мәселелерінен сырт қалмайтын еңбек ардагері Зоя Бозшиева да өз ойын ортаға салды.
Ал, ауылдық округтің мал дәрігері Сейітжан Тәжібаев көтерілген мәселелерге орай түсінік берсе, аудандық мәслихат депутаттары өз ұсыныстарын енгізіп, аудандық мәслихаттың төрағасы Сәкен Займолдин тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Қараой ауылында да кездесуден соң уақытша жұмыс тобының мүшелері «Ауыл аманаты» жобасымен несие алып, наубайхана ашқан Серікбай Мұқановтың жұмысымен танысып, ауылдық дәрігерлік амбулаторияға жаңа «Жедел жәрдем» көлігінің кілтін табыстады.

Басқа жаңалықтар