Экономика
“Мақсатым — экономиканы және егемендікті нығайту”
Дамудың жаңа тарихи кезеңінде Орталық Азия елдері көптеген сынақ пен қиындықты бастан өткерді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Аna tili» газетінде «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» тақырыбымен жарияланған мақаласында айтылған. Орталық Азия кеңістігі сан алуан империяның құрылғанына, ыдырағанына, саяси және экономикалық модельдердің табиғи жолмен дамығанына куә болды, бірақ өзіне тән бірегейлігін сақтап қалды. Халықтарымыз ежелден түрлі өркениетпен тіл табысып, қарым-қатынас орната білді. Соның арқасында бұл аймақ өзінің этномәдени және рухани ерекшелігін сақтай отырып, Ұлы Жібек жолының және тұтастай алғанда үлкен Еуразияның тарихында шешуші рөл атқарды», — делінген Мемлекет басшысы мақаласында.