Экономика

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша Ойыл қазақ орта мектебінде аудан прокуратурасының прокуроры С. Мендібаев, аудандық ПБ-нің ЖПҚБ КТІЖ аға инспекторы, полиция майоры Т. Құбышев, аудандық аурухананың психологы А.Длимова және Ойыл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау лейтенанты Д. Тұрғамбековтердің қатысуымен жоғары сынып оқушыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” атты Қазақстан халқына жолдауы тақырыбында жастар арасында есірткі заттар пайдалану, интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттері, қоғамдағы негізгі құндылықтар,
құқықбұзушылықтың себеп салдары, жасөспірімдер арасындағы суицид, сонымен қатар қыс мезгілінде су, мұз айдындарында сақтық шараларын сақтап, ата-ананың қатысуымен ғана бару, отпен ойнау қателіктерін ескеру тақырыбында кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыруды көздеген кездесуде қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға және құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеуге шақырды.
Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандардан тиісті жауап берілді.

Басқа жаңалықтар