Экономика

Қосылған құн салығы өссе, пойыз және ұшақ билеттері қымбаттай ма

АСТАНА. KAZINFORM — Қазір елімізде қосылған құн салығы шегін көтеру мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Жұртты алаңдататыны баға қалай болмақ? https://kaz.inform.kz/news/kosilgan-kun-saligi-osse-poyiz-zhane-ushak-biletter-kimbattay-ma-fc6822/

Осы орайда Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтан әуе және пойыз билеттерінің құнына қатысты ойын білген едік.

— Теміржол билеттері қымбаттамайды, себебі жолаушылардың билетін субсидия арқылы реттейміз. Сол себепті пойыз билеттерінің бағасы бақылауда. Әуе билеттеріне келсек, ол да қымбаттамайды, себебі динамикалық тариф қолданылады, яғни билетті ертерек алсаңыз арзан, ал рейс жақындағанда алсаңыз сәйкесінше қымбатқа түседі. Сол себептен қосылған құн салығының өсуі қатты әсер етпейді, — деп жауап берді Талғат Ластаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, ұшақты сатып алғанда қосылған құн салығы есепке алынады.

— Әуе компаниялары ұшақты сатып алғанда қосылған құн салығын жабады, ол тарифтің бағасына көп әсер етпейді, — деп сендірді Көлік министрінің орынбасары.

Сондай-ақ Талғат Ластаев аталған мәселенің талқыланып жатқанын тілге тиек етті.

Бұған дейін Көлік вице-министрінен Президенттің авиакеросин бағасын тұрақтандыруға қатысты тапсырмасының қалай орындалып жатқаны туралы сұраған едік.

Айта кетсек, елімізде жүк таситын әуе компаниясы ашылуы мүмкін.

Related Articles

Back to top button