ӘлеуметРухани жаңғыруЭкономика

АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Ойыл ауданында ардагерлер кеңесінің отырысы өтіп, онда ұйымның атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Жиынға аудан басшылығы, ардагерлер және қоғам белсенділері қатысты. Бас қосудың басты жаңалығы – ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын сайлау болды. Бұл жауапты қызметке Болат Бақтыгерев сайланды. Өз сөзінде ол ардагерлердің қоғамдағы рөлін арттыруға, жастарға үлгі болуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді атсалысатынын айтты.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Мұрат бай Айдарбаев арнайы қатысып, жаңа төрағаны құттықтады. Ол өз сөзінде ардагерлер кеңесінің аудан өміріндегі маңызын атап өтіп, ұйымның одан әрі дамуына әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар ардагерлер кеңесінің алдағы жоспарларын талқылап, ортақ міндеттерді жүзеге асыру жолдарын белгіледі. Кеңес ардагерлердің әл-ауқатын жақсарту, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету және жастарға тәлімгерлік жасау бағытында жұмысын жалғастырмақ.

Related Articles

Back to top button