
Байқауға қатысқан Қасиет Қуатов мен Ибраһим Сәрсенбай робототехника саласындағы білімдері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Оқушыларды байқауға дайындаған жетекшісі – Лаззат Қамысбаева. Республикалық деңгейдегі бұл жетістік – жас бүлдіршіндердің ізденімпаздығы мен шығармашылыққа деген қызығушылығының, сондай-ақ ұстаз еңбегінің айқын жемісі. Жеңімпаздарға алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, білім мен ғылым жолында толағай табыстарға жете берулерін тілейміз!



