Әлеумет

«АРДАҚТЫ АНА, АЯУЛЫ АНА, ҚЫМБАТТЫМ!»

8 наурыз – көктемнің ең жарқын мерекесі. Бұл күн – аналар мен әжелерге, қыз-келіншектерге деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі. Жыл сайын осы күні нәзік жандарға гүл шоқтары ұсынылып, ақжарма тілектер жолданады. Биылғы мереке де ерекше сән-салтанатпен басталды.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым!» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, оған аналар мен қыз-келіншектер, қонақтар мен өнерпаздар жиналды. Кештің басты мақсаты – аналар қауымының қоғамдағы, отбасындағы маңызды рөлін дәріптеу, олардың еңбегін бағалап, алғыс айту.
Мерекелік кеш өнерпаздардың жылы лебіздерімен басталды. Ананың қоғамдағы орнын айшықтайтын әсерлі сөздер айтылып, қазақ халқының аналарға деген ерекше құрметі жыр шумақтарымен өрнектелді. Қадір Мырза Әлінің өлеңі оқылып, өнерпаздармен бірге ән шырқалды.
Кеш барысында аналарға арналған әсем әндер шырқалды. Жергілікті өнерпаздар сахна төріне шығып, жүрек тебірентерлік шығармаларын орындады. Сондай-ақ, поэзия оқылып, шығармашылық қонақтар өздерінің аналарға арнаған туындыларын ұсынды. Мереке қарсаңында өздерінің сыйлықтарымен келген аудандық музей ұжымы аналарымызға тілектерін жолдап, сыйлықтарын табыс етті.
Мерекелік іс-шара ойындармен жалғасып, аналар көтеріңкі көңіл-күймен белсене қатысты. Шара соңында қатысушыларға ақжарма тілектер айтылып, нәзік жандылардың қоғамдағы маңызы ерекше атап өтілді. Аналардың ақ тілеуі мен мейірімінің шексіздігі, олардың өмірдегі асыл бейнесі тағы да бір рет ұлықталды. Еркін микрофон стилінде жалғасқан шара қонақтардың келген өнерпаздарға деген жылы лебіздерін білдіруге мүмкіндік берді.

Related Articles

Back to top button