ӘкімдікБасты тақырып
Филиалдың төрағасы сайланды
Сейсенбі күні ауданда «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалының кезектен тыс отыз екінші конференциясы болды. Оған «Нұр Отан» партиясының аудандағы бастауыш партия ұйымдарынан сайланған отыз делегаты түгелдей қатынасты.
Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин төрағалық етті. Айта кету керек, аудан басшысының өзгеруіне байланысты «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасы болып Дастан Жарылқасынұлы сайланды. Сонымен қатар, конференцияда арнайы сөз алған аудан әкімі Дастан Сағыров «Құрметті конференция қонақтары!Бүгін міне сіздер маған сеніп қолдау көрестіп жатқандарыңызға өзімнің ризашылығымды білдіремін. Алда әлі талай бірлесіп жұмыстар жасайтынымызға толық сенімдемін. Дегенме де менің байқағаным Ойылда жастардың белсенді болмауы және кадр басшысының жетіспеуі және ауыл-аймақтарда басшылық етуге жастарымыздың құлшынысы болмауы. Осы жағдайды толығырақ ойланатын болсақ, жастар сегіз сағат жұмыс жасағанымен ары қарай еліне туған жеріне деген еңбек етіп өзін-өзі дамытуға ынтасы жоқ деген сөз. Осыған байланысты тек Ойылды көркейтуге атсалысатын тың идияларды қосатын бір ұйымның болуы керек. Әрине одан да басқа мәселер өте көп. Жақсы істер де жоқ емес бар. Мысалы, Ойыл ауданын көркейтіп өз ақшаларына спорттық жағдай жасап, мектеп оқушыларына өзге қалаларға билет алып қолдау көрсетіп жүрген жандарды да айта кету керек. Міне осындай игі істердің артуы көңіл қуантатынын» — жеткізіп, партияның бірқатар мүшелерін «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының алғыс хаттарын тапсырды. Тарқатып айтсақ, «Нұр Отан» партиясының ардагері көп жылдар бойы еңбек етіп жақында ғана зейнеткерлікке шыққан Болат Бақтыгереев және партия белсендісі Жасұлан Ержановты, сонымен қатар партияның қоғамдық саяси жұмыстарын белсенді түрде дамытып келе жатқан Серік Қартбаевқа алғыс хаттарды табыс етті. Сонымен қатар конференция соңына таяған сәтте «Замандас» аналар клубының мүшесі Гүлжан Булаева «Барлықтарыңыз да көріп біліп жүрсіздер, Ойылдың көркейіп келе жатқаны біздің көңілімізді қуантады» — деп, өзінің игі тілегін жеткізді. Әрмен қарай сөз алған аудандық ардагерінің төрағасы Аманғос Сәрсенбаев та аудандағы елдің игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.
Өміргүл ТЕМІРХАН.