КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ БЫЛТЫРҒЫ «САБАҚТЫҢ» САЛДАРЫ
«Кел біздің Ойыл, Қиыл саламызға...» деп әндеткен бізді соңғы жылдары екі өзеннің арнасынан асқан су әбігерге салды. Биыл да солай болатын сияқты. Осы аптаның аяғына таман күннің күрт жылуы күтілуде. Ақпанның соңғы сегіз күнінде түскен қар айлық емес, тіпті жылдық нормадан асып кетті.

Ауданда су кіруі (Ойыл, Қиыл және Қайыңды өзендерінің тасу салдарынан) ықтимал 7 елді мекен бар. Ақкемер, Кемер, Ақжар, Қаратал, Көптоғай, Амангелді, Қарасу ауылдары қауіпті аймаққа жатады. Жалпы 831 тұрғын үй бар, халық саны 4607 адам.
Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша ауданда 7000 куб қар шығарылды, жұмыстар жалғасуда. Жанар-жағар май қоры (3 тонна АИ-92, 4 Д/Т, 3 тонна газ), 30 000 дана қапшық, 5 қайық, 31 мотопомпалар, 350 000 тонна инертті материалдар әзірленді, 6-погрузчик, 8-МТЗ-82, 3-ассенизатор, 2-УАЗ техникалары дайындыққа келтірілді, бюджеттен 20 млн. 70 мың теңге бөлінді (2024ж – 8,320).
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жазғы-күзгі кезеңдегі инженерлік жұмыстар жоспары бойынша 11 іс-шара қарастырылып енгізілген, қазіргі таңда 8 іс-шара орындалды, 3 іс-шара бойынша жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде:
-Қаратал ауылына және Ойыл селосына кіреберіс жолдарын ағымдағы жөндеу;
-Ойыл ауылына кіреберіс көпірін реконструкциялау;
-Қаратал және Ақкемер ауылдарында жағалауды нығайту мақсатындағы қорғаныс бөгеттері толық аяқталды.
Қазіргі таңда аталған елді мекендерге коммисиялық көзбен шолу тексерістер жүргізілуде, анықталған кемшіліктер бойынша ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Аудандық метеостанцияның ақпараты бойынша 2025 жылдың бүгінгі күні:
— қардың орташа тығыздығы 0,20 гр/см. (2024 – 0,28 гр/см.)
— қардың орташа биіктігі 40 см (2024 – 19 см.)
— қардың максималды биіктігі 57 см (2024 – 22 см.)
— қардың минималды биіктігі 25 см (2024 – 15 см.)
— қардағы су қоры 80,0 мл. (2024 – 62,2 мл.)
— мұздың орташа қалыңдығы 40 см. (2024 – 60 см.)
Аудан аумағында 6 гидротехникалық құрылыстары орналасқан («Қазсушар» РММ меншігіндегі «Тамдыкөл», «Қиыл-Тассай», «Жекендісай» және коммуналдық меншіктегі «Мұқан», «Күб», «Батпақты») қазіргі таңда жөндеуді қажет етеді.
(2024 жылғы су тасқыны кезеңінде зақымдалған аймақтары бар) «Қазсушар» РММ меншігіндегі гидротехникалық құрылыстарға Ойыл аудандық участогы инженерінің ақпаратына сәйкес ағымдағы жылда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Амангелді, Көптоғай, Қаракөл елді мекендеріндегі бөгеттер нығайтылып, аудандағы эвакуациялық пунктер жасақталып, азық-түлік қорын әзірлеуге кәсіпкерлермен келісім шарттар жасалды.
Сонымен қатар Ойыл өзені бойында мұз кептелісі болу аймақтарында мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін «Нормал Ворк» ЖШС-мен 9 000 000 теңгеге келісім шарт жасақталып, барлығы 3600 шаршы метр мұз жарылды. Атап айтар болсақ, Ашықбай, Сарқырауық, Ақмешіт маңындағы мұз кептелуі мүмкін аймақтарда мұз жару жұмыстары жүргізілді.
Р. S. Ал, көптің көңілін алаңдатып отырған мәселе — екінші уақытша көпірдің құрылысы. Мердігерлер су келгенше үлгереміз деп сендіріп отыр…
Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл селосы.