Әкімдік

Бюджет нақтыланып, жайылымдық жерлер белгіленді

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу үшінші сессиясы өтті. №6 Амангелді сайлау округінен депутат Берген Жұмырбаев төрағалық еткен сессия жұмысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары,  кейбір аудандық бөлімдер басшылары қатысты.

Санитарлық талаптар мен әлеуметтік қашықтық сақтала отырып өткізілген сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қайнар Ұлықпанов баяндама жасады. Яғни, облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 15 қазандағы №562 шешімімен және Бюджет Кодексінің 106, 109 баптарына сәйкес, аудан бюджетіне төмендегідей нақтылауға ұсыныс жасады.
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №361 «2020-2022 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін:
Аудан бюджетінің кірістері–«8 611 874,3» сандарынан «8 431807,3» сандарымен ауыстырылуға және   шығындары–«9 191 445,9» сандарынан  «8 961 851,1» сандарымен ауыстырылуға;

Облыстық мәслихат сессиясымен Республикалық бюджеттен:

  • Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Ақкемер елді мекеніне судың құрылысына – 29 169,0 мың теңге;
  • Жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына – 1000,0 мың теңге;
  • Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттердің сомаларын бөлуге – 7806,0 мың теңге.

Барлығы республикалық бюджеттен  37 975,0 мың теңге бөлінді.

Сонымен бірге облыстық бюджеттен:Жалпы білім беру мектептеріндегі кезекші сынып мұғалімдеріне ақы төлеуге – 12 651,0 мың теңге, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 1 383,0 мың теңге бөлініп отыр.

Жыл ішіндегі әр – түрлі сатып алу және конкурстың нәтижесінің қорытындылары негізінде облыстық бюджеттің трансферттерінен үнемделген қаржылар кейін қайтарылып отыр.

Атап айтқанда, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялаудан – 5 123,0 мың теңге, Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен кепілденген әлеуметтік пакеттен – 38 222,0 мың теңге, жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасынан – 10 806,0 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асырудан – 2517,0 мың теңге, білім беру бағдарламасы бөлімінен кепілденген әлеуметтік пакеттен – 24 047,0 мың теңге, «Балапан» бағдарламасы мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асырудан  — 5 760,0 мың теңге, білім берудің жаңартылған мазмұны үшін қосымша ақы төлеуден 142 378,0 мың теңге, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны үшін қосымша ақы төлеуден 2 279,0 мың теңге, магистр дәрежесі бар мұғалімдерге қосымша ақы төлеуден 1 761,0 мың теңге, сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақыдан – 588,0 мың теңге, барлығы – 233 481,0 мың теңге кейін қайтарылып отыр.

Осы мәслихат сессиясында жергілікті бюджеттен қаржыландырыландырылатын мемлекеттік мекекемелер мен ұйымдардың сұраныстары және бюджеттік комиссияның қорытындылары негізінде бюджетке ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондықтан, «2020-2022 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс жасаймын, — деген Қайнар Жолдасқалиұлының хабарламасы депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сүйіндік Өскінбаев аудан бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекітуді ұсынса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бекболат Иманғалиевтың Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 27 «Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасады.

Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйегіндегі №448 «Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсынды.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер талқыланған соң, аудан әкім Асқар Қазыбаев кейбір мәселелерге орай өз пікірін білдірді.

Басқа жаңалықтар