ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

СЫН САҒАТТА «СЫНБАҒАН» АЗАМАТТАР!

АҚПАН АЙЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ОБЛЫСЫНДА КҮН КҮРТ СУЫП, ҚАРЛЫ БҰРҚАСЫН БОЛДЫ. СОНЫҢ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР ЖАБЫЛЫП, КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ. ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАНДАР ДА БОЛДЫ. ТАБИҒАТТЫҢ МІНЕЗІ ОЙЫЛДЫ ДА АЙНАЛЫП ӨТКЕН ЖОҚ. ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙҒА ОРАЙ ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕР КҮШЕЙТІЛГЕН ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ КӨШТІ. РАС, КЕЙБІР АУЫЛДАРДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ҮЗЛДІ. БАЙЛАНЫССЫЗ ҚАЛҒАН АУЫЛДАР ДА БОЛДЫ. АБЫРОЙ БОЛҒАНДА, ӨКІНІШТІ ЖАҒДАЙЛАРҒА ОРЫН БЕРІЛГЕН ЖОҚ. ЕКІ ТӘУЛІК БОЙЫ СОҚҚАН ҮСКІРІК БОРАН НАҒЫЗ СЫН САҒАТЫН ТУҒЫЗДЫ ДЕСЕ ДЕ БОЛАДЫ. КЕШЕ СОЛ УАҚЫТТА ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛДЫҚ ТАНЫТЫП, ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ.

Аудан әкімдігінде аудан әкімі қыс мезгілінің қолайсыз ауа-райы салдарынан аудан аймағында орын алған төтенше жағдай кезінде жол қозғалысы мен қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруда атқарған адал қызметі үшін бірқатар азаматтарды қабылдап, құрмет көрсетті.
Төтенше жағдайлар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ететін мамандарға алғысын білдірді.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қолайсыз ауа райында азаматтарға көмектесіп, тәулік бойы еңбек еткендерді қабылдап, жылы лебізін білдірді. Біздің ауданда да қолайсыз ауа райында ағат оқиғалар болмай, абыройлы болуымызға барлықтарыңыздың қосқан үлестеріңіз көп. Жұмыстарыңызға жай ғана міндет деп қарамай, халыққа жанашырлықпен қызмет етіп келесіздер.
Сондықтан сіздердің адал, ізгі еңбектеріңіз қандай құрметке де лайық. Осы күндері тынымсыз еңбек еткен ел азаматтарына алғысым шексіз. Жұмыстарыңызға табыс пен зор денсаулық тілеймін! — деп аудан әкімі Асқар Қазыбаев бірқатар азаматқа Алғыс хатымен естелік сыйлығын табыс етті.
Г.АБАЙҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар