Экономика

Мемлекет басшысының бастамасымен

Мемлекет басшысының бастамасымен ономастика саласын, мемлекеттік және мекемелік марапаттар жүйесін жетілдіру, жасампаздық құндылықтарды дәріптеу, әлеуметтік кеселдерді жою, азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстың кемшін тұстарына назар аударып, ішкі саясаттағы ауқымды идеологиялық жұмыстарын атқару туралы мәселені көтерді.
Жер, су атаулары біздің тари­хымыздың айғағы. Өткеннің ізі сайрап жатқан жеріміз талай заманның жаңғырығын осы атаулар арқылы бізге жеткізгені анық.
Көшелер мен елді-мекендерге атау беру немесе атауларды өзгерту мәселесіне келгенде жергілікті атқарушы органдар көп қателік жібермеу, жерлестік пен тамыр-таныстыққа жол бермеу туралы кеңінен талқыланды. Сондықтан бұл істі орталықтандыру туралы шешім қабылданды. Соның нәтижесінде бізде ономастика саласындағы жұмыстың бірыңғай әрі нақты регламенті бойынша бірқатар жұмыстар атқарылатын болады. Әлі де атқарылар жұмыс, алынар асу жетерлік.
Құрылтайдағы көтерілген осы мәселе маңызды шешім қабылдайтын жиын болды деп есептеймін.

Исабаев Дулат Бітімбайұлы — Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің маманы

Related Articles

Back to top button