«Қуатты аймақтар – қуатты ел»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттің ең басты міндеті – аймақтардың экономикалық өсіміне түрткі болатын және өңірлердің дамуындағы теңсіздікті жоятын бастамаларға баса мән беру. Биыл экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемі екі есе, яғни 8 триллион теңгеге дейін ұлғаймақ. Мемлекет басшысы өз сөзінде өңірлердегі білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларын дамыту жобаларына кеңінен тоқталып, оларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру маңызды екенін ескертіп өтті.
Мемлекет басшысы «Қуатты аймақтар – қуатты ел» ұстанымы – менің саяси бағдарымдағы мызғымас қағиданың бірі. Үкімет осы қағиданы негізге ала отырып, облыстардың еншісіндегі әлеуметтік салықты сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Елге пайдасы тиетін әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдық беріп, бастамалар мен жобалар аймақтардың біркелкі дамуына ықпал етіп, еліміздің одан әрі өркендеуіне жол ашатынына сенім білдіретін баса айтып өтті
Қазіргі жағдайда елдегі электр энергиясы тапшылығының орнын толтыру үшін атом электр стансаларын салу қажет. Дегенмен АЭС-ке қатысты халықтың көзқарасы да екі түрлі. Бірі – бізге керек десе, екіншісі күмәнмен қарайды. Осы тұста, әлемдік тәжірибеге назар аударып, ғаламның алпауыт мемлекеттері электр энергиясы тапшылығын жою үшін қандай іс-шараларды қолға алғандығын ескере кеткен жөн.
Бұдан біз Еуропаның экономикалық жағынан алпауыт екі мемлекеті көміртегі бейтараптығына жету үшін мүлдем қарама-қарсы жолды таңдап отырғанын байқаймыз. Мамандардың айтуынша, олардың бірі саналы түрде өз азаматтарының өмір сүру салтын қымбаттатса, екіншісі отандастарының өмірін жеңілдету үшін жаңа заманауи технологияларды таңдап отыр. Мұндай шешім әлемнің басқа елдеріндегі, тіпті біздің Қазақстандағы АЭС-тің салынуына қатысты мәселеге өз әсерін тигізбек
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, жаһанда жүріп жатқан үдерістерге шолу жасап, Қазақстанды кез келген сын-қатерге төтеп бере алатын қуатты мемлекетке айналдырудың қамы жөнінде ой толғады.
Нұрбаев Сәндібек Мұхамбетжанұлы — Ойыл аудандық депутаты