Экономика

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Киелі мекен Бурабайда ұлтты ұйыстырған Ұлттық Құрылтай өтті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Киелі мекен Бурабайда ұлтты ұйыстырған Ұлттық Құрылтай өтті.
Ұлттық құрылтай яғни, көпшіліктің ойын, ұсыныстарын белсенділердің айтатын алаңы деп түсінуге болады. Ұлттық құрылтай бұл бір жағынан қазақтың салт-дәстүрінде бұрыннан қалыптасқан құрылтайды заман талаптарына лайықты етіп жаңартылған түрі.
Соның ішінде Мемлекет басшысы:
«Менің бастамаммен ономастика саласын ретке келтіру үшін ауқымды жұмыс басталды.
Көшелер мен елді-мекендерге атау беру немесе атауларды өзгерту мәселесіне келгенде жергілікті атқарушы органдар көп қателік жіберген, бұл ретте тіпті, жерлестік пен тамыр-таныстыққа жол берілген. Сондықтан бұл істі орталықтандыру туралы шешім қабылданды- деді және
«Біздің көрнекті тарихи тұлғаларымыз ұлықтауға әбден лайық. Олардың есімін ел жадында сақтау – перзенттік парызымыз әрі жалпыұлттық болмысымызға тән қасиет. Бірақ ономастиканы «тарихи еңбегі» ешқандай архив құжаттарымен расталмаған тұлғаларды ұлықтау құралы етуге болмайды — деді.
Сонымен қатар қазіргі елді мекендердің аумағы ұлғайып жатыр, қалаларда жаңа аудандар бой көтеруде. Осыған байланысты атауы қайталанатын немесе мүлдем атауы жоқ мыңдаған көше пайда болды. Ең алдымен осындай көшелердің атауын ретке келтіру қажет» — деді айтылған ұсыныстармен толығымен келісемін. Жалпы бұл жұмыстарды атқару барысында тиянақты айналысу керек деп ойлаймын.

Арыстанов Марат Қанатұлы — Ойыл аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, спорт ардагері

Related Articles

Back to top button