Экономика

КӨП КӘСІПКЕРДІҢ САУАЛЫ – АУДАНДАҒЫ ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасын «Кәсіпкерлер мен биліктің арасындағы дәнекер» десе, кешегі Ойыл ауданында өткен жиын соның айқын дәлелі сияқты болды.
Яғни, аудандық кәсіпкерлік палатаның ұйытқы болуымен Ойыл ауданының прокуроры Ақеділ Үсенов аудандағы кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізді. Кәсіпкерлік қызметті іске асыру кезіндегі жүйелі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын талқылауды көздеген жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұржау Тұрғамбеков пен аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы, аудандық жер қатынастары бөлімінің, аудандық мемлекеттік кірістер, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен аудан кәсіпкерлері қатысты.
Жиынға қатысқан аудан кәсіпкерлері өздерін толғандырған сұрақтары мен талап-тілектерін жеткізсе, оның ішінде көп сауал ортақ мәселе – аудандағы жол қатынасына қатысты болды. Кездесу барысында кәсіпкерлерді толғандырған сұрақтар талқыланып, олар заң талаптары бойынша түсіндірілді.

Басқа жаңалықтар