ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ЖОЛЫНДА НӘТИЖЕЛІ ДЕ ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ӘКЕЛЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Киелі мекен Бурабайда ұлтты ұйыстырған Ұлттық Құрылтайда адами капиталға инвестиция салудың маңыздылығын атап өтіп, елдің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін қолдау мен оны табысты іске асыру қажеттігін айтты.
— Мемлекет басшысы сонымен қатар еліміздің құжаттық мұрасын сақтау мәселесіне де ерекше тоқталды. Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның жаңа мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО тізіміне енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіліміне Қазақстанның құжаттық мұрасын енгізу және насихаттау жөніндегі Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ғалымдар, архившілер, археологтар, академиялық қауымдастық өкілдері мен қоғам қайраткерлері кірді.
Президенттің жоспарына сәйкес мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтып, Қазақстанның даму жолында нәтижелі де өзара тиімді ынтымақтастыққа септігін тигізеді.
Оралов Айболат
Ойыл аудандық мәслихат депутаты