ТАҒЫ БІР МАҢЫЗДЫ ҚҰНДЫЛЫҚ, БҰЛ – ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

Мемлекет басшысының ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар ретінде: «Тағы бір маңызды құндылық, бұл – заң және тәртіп. Заң алдында бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуі тиіс. Барша азамат, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желіде де заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тыйым салынады. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсысымыз жауаптымыз», – деп атап көрсету мемлекетіміздегі тыныштықты және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән берілетіндігінің айғағы болса керек. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болады. Мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты орнықтыруға әр азамат өз үлесін қосуға міндетті.
Ешпанов Боранбай
Ойыл аудандық мәдениет саласының ардагері