ГҮЛНАЗДЫҢ «МОЙКАСЫНА» СҰРАНЫС КӨП

ГҮЛНАЗДЫҢ «МОЙКАСЫНА» СҰРАНЫС КӨП
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес ауыл тұрғындарына беріліп келген 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі несие ұмтылған адам үшін нағыз бизнес бастауға жол ашып отыр.
Соның нәтижесінде ауылда да қалалық өркениетке тән саналатын кәсіпорындар ашып, шаруаңды дөңгелетуге болатынын дәлелдеген кәсіпкерлер көп.
Солардың бірі Сарбие ауылдық округінің тұрғыны Гүлназ Сейілханова.
Яғни, биылғы жылы өз жобасын сәтті қорғап, 1572 мың теңгеге қол жеткізген ол жуырда ауласынан көлік жуу қызметін ашты.
Далалық жолмен дамыл таппайтын шаруалар кешке ауылға келгенде алдымен көліктерін “шомылдырып” алады.
Тіпті төңіректегі елді мекендерден де, көршілес Қараой ауылдық округінен де келіп, Гүлназдың өзіне-өзі қызмет көрсететін көлік жуу орталығының қызметін тұтынады.
С. ХАМЗИН,
Ойыл селосы.