⚜️А.Есенбаев Ойыл ауданында бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралады

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев жұмыс сапарымен Ойыл ауданына барып, жол-көлік инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты.
📌Сапар аясында облыстық маңызы бар Шұбарқұдық–Ойыл–Қобда–Түзтөбе автожолының 40 шақырым учаскесі мен осы бағыттағы көпірге жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстары қаралды. Сонымен қатар, Қаратал ауылындағы ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына баға беріліп, жаңадан салынған балабақшаның жай-күйі тексерілді.
Аудан орталығында көктемгі су тасқыны салдарынан зақымданған кіреберіс көпірді қайта жаңғырту жұмыстары мен құрылыс кезеңіндегі мектеп пен балабақша нысандарындағы жұмыс қарқынына да ерекше назар аударылды.
🔹Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға барлық жобаларды уақытында әрі сапалы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.