Бейбітшілік пен келісім – тұрақтылықтың негізі

Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқан ел. Біздің ең үлкен құндылығымыз – халықтар арасындағы татулық пен келісім. Бұл – жай ғана сөз емес, бұл – мемлекетіміздің іргетасы, болашағымыздың кепілі. Кез келген елдің дамуы тек қана экономикалық көрсеткіштерге емес, ең алдымен қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылыққа байланысты. Егер қоғамда сенімсіздік, алауыздық пайда болса, ешқандай реформалар да нәтижелі болмайды. Ал бірлік бар жерде – береке бар.
Келісім дегеніміз – әртүрлі мәдениет пен дәстүрді сыйлау ғана емес, ортақ мақсат жолында күш біріктіру. Қазақстандықтардың басты мақсаты – тәуелсіздікті сақтап, елді көркейту. Бұл жолда әрбір азаматтың жауапкершілігі зор. Отбасындағы татулық – қоғамдағы бірліктің бастауы, ал қоғамдағы келісім – мемлекеттің тұрақтылығының кепілі. Сондықтан біз үшін бейбітшілік – ең үлкен байлық.
Жайнагүл Сағатқызы, кәсіби медиатор