Экономика

КӨЛІК ИНФРОҚҰРЛЫМЫН ДАМЫТУ: МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауы еліміздің экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған стратегиялық құжат екені бәрімізге белгілі. Бұл Жолдауда айтылған негізгі міндеттердің бірі – көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту.
Қазірдің өзінде республика бойынша жолдардың сапасы 93%-ға дейін жақсарғаны көңіл қуантады. Бұл – жай ғана статистика емес, күнделікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін көрсеткіш. Сапалы жол демек – қауіпсіздік, уақытты үнемдеу, аймақтардың өзара байланысының артуы. Ең бастысы – халықтың тұрмысын жеңілдету.
Менің ойымша, жол құрылысы тек инженерлік инфрақұрылым емес, елдің дамуына жол ашатын стратегиялық фактор. Өндіріс дамуы, ауыл шаруашылығы өнімінің тасымалдануы, бизнес өркендеуі – бәрі сапалы жолға байланысты.

Гүлнәр Кабиева, «Жас Ақтөбе» қоғамдық қорының мүшесі

Related Articles

Back to top button